ТҮРКІСТАН: Шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

0
85

Ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылығын білдірді.


ТҮРКІСТАН: Шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

Сарыағаш ауданында тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға қарасты Жылғаауылдық округіндегі Шеңгелді елді мекені табиғи газға қосылды.


Аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықты қуанышты сәтпен құттықтап, шалғай ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылығын білдірді.


Аталған елді мекендегі тұрғынүйлердікөгілдір отынғақосу үшін бюджеттен қаржы қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, газ құбырларытартылды. Бүгінде елді мекендегі 300-ден астам отбасыжәне әлеуметтік нысандар «көгілдір отынмен» қамтылды.


Айта кетейік, Сарыағаш ауданынақарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 63 елді мекеннің 52 елді мекені табиғи газбен, 49 елді мекені ауыз сумен қамтылған.

Бөлісу