ТҮРКІСТАН: Сарыағашта бірнеше әлеуметтік нысан салвнып жатыр

0
367

Биыл аудан бойынша жалпы 34 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта бірнеше әлеуметтік нысан салвнып жатыр

Сарыағаш ауданында әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл бастамалар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Биыл аудан бойынша жалпы 34 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. Солардың бірі Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты Таскескен елді мекенінде кіші футбол және балалар ойын алаңшасының құрылысы жүріп жатыр.


Спорт нысанының құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында басталып, 2026 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінде жұмыстардың 30 пайызы орындалды. Жоба «AIN Development» ЖШС іске асыруда. Құрылысқа қажетті қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген. Қазіргі уақытта воркаут алаңшасының құрал-жабдықтары толық орнатылып, кіші футбол алаңшасының қоршаулары қойылды. Алаңды тегістеу жұмыстары жүргізілуде.


Сонымен қатар ауданда «Мәдени объектілерді дамыту» бағдарламасы аясында Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі едендеріне бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Ішкі қабырғаларды әрлеу жұмыстары басталды. Нысанның құрылысын «Строительная компания «Люкс сервис» ЖШС қолға алған.


Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатаң бақылауына алынған.

Бөлісу