ТҮРКІСТАН: Сарыағашта алғаш рет аса күрделі ота жасалды

0
330

Қазір аудандағы орталық аурухана дәрігерлері жоғары технологиялық операцияны меңгеріп, хирургиялық көмек көрсетуде.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта алғаш рет аса күрделі ота жасалды

Сарыағаш орталық аудандық ауруханасында алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш орталық аудандық ауруханасында алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу отасы жасалды. Тіліксіз ангиография аппаратының көмегімен мұндай операцияны дәрігерлер үш науқасқа сәтті жасап шықты.


Тың әдіспен жасалған ота облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Сапаков Сапарғали, Орал Абылайхан және аудандық орталық аурухананың нейрохирург дәрігері Кұдияров Байбектің қатысуымен жүзеге асты.


Айта кетейік, бұрын бұндай ота қажет науқастар жедел және жоспарлы түрде облыс орталығына жіберілетін. Қазір аудандағы орталық аурухана дәрігерлері жоғары технологиялық операцияны меңгеріп, хирургиялық көмек көрсетуде.

Бөлісу