​ТҮРКІСТАНДА «TAIQAZAN» FEST ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

0
89


​ТҮРКІСТАНДА «TAIQAZAN» FEST ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында Республика күні қарсаңында TURKISTAN GASTRO «TAIQAZAN» FEST гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара - өңірдің ұлттық тағамдарын, гастрономиялық мәдениетін және жергілікті брендтерін кеңінен танытуға бағытталды. Шаһардағы «Hampton by Hilton» қонақ үйінің маңында ұйымдастырылған фестивальге 40-тан астам қатысушы жиналып, келушілерге түрлі тағамдар мен гастрономиялық өнімдерді ұсынуда.


Фестиваль бағдарламасы аясында ұлттық тағамдардың таныстырылымы, бас аспаздардың шеберлік сабақтары, аспаздық байқаулар мен жергілікті өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, этномәдени бағдарлама, ұлттық дәстүрлер мен мәдени қойылымдар, өңірлік брендтердің таныстырылымы өтіп жатыр. Кешкі бағдарлама концерттік қойылымдармен және қорытынды шоумен жалғасады.