Құтқарушылар жоғалған екі жас жігітті 3681 метр биіктіктен аман-есен тапты.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте таудан өздігінен түсе алмай қалған екі жас жігітке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Таулы жерге көтерілген туристер жолды таба алмай, адасқан соң шұғыл көмек шақырған.
Оқиға орнына ТЖМ «Барыс» Республикалық құтқару қызметінің құрамы дереу жіберілді.
Құтқарушылар жоғалған екі жас жігітті 3681 метр биіктіктен аман-есен тапты. Мамандар туристерді қауіпсіз бағытпен шекара бекетіне дейін түсірді. Жігіттердің бірі оң жақ шынтағын соғып алған. Алайда екеуі де ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлік көмекті қажет етпеген.


