ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданындағы Қызылжар ауылына табиғи газ берілді

0
77

Бүгінде елді мекенде 109 тұрғын үйде 327 адам тұрады.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданындағы Қызылжар ауылына табиғи газ берілді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған халықтың тұрмыс сапасын арттыру және ауылдық елді мекендерді кезең-кезеңімен табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалар аясында Сайрам ауданында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.

Осыған сәйкес, Қызылжар елді мекеніне табиғи газ беріліп, тұрғындарға үйлерін газ желісіне қосуға мүмкіндік жасалды.
Бүгінде елді мекенде 109 тұрғын үйде 327 адам тұрады. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын, диаметрі 250 мм жоғары қысымды газ құбыры тартылды. Сонымен қатар елді мекен ішінде жалпы ұзындығы 7,5 шақырым болатын газ тарату желілері салынды.
Қазіргі уақытта газ құбырларына табиғи газ толық берілді. Енді тұрғындар техникалық шарт алып, өз үйлерін газ жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізе алады.
Ауыл тұрғындарын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.