ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында өндірістік парк бой көтеріп жатыр

0
69

Бүгінде аумақта жерді тегістеу жұмыстары толық аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында өндірістік парк бой көтеріп жатыр

Отырар ауданында өндірістік парк бой көтеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданы, Қарғалы ауылдық округіндегі «Отырар» индустриялық аймағында өндірістік парктің құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жұмыс сапарымен құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бүгінде аумақта жерді тегістеу жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ, жоспарланған 5 нысанның іргетасы құйылып, оның ішінде 3 өндірістік ғимараттың темір қаңқасы толық орнатылған. Қазіргі уақытта қабырға және жабын панельдерін монтаждау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.


Айта кетсек, жоба толық іске асырылған жағдайда өндірістік парк аумағында жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының дамуына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу