Түркістан облысының колледждеріне 15600 мемлекеттік грант бөлінді

0
82

Бүгінгі күнге 24 549 орынға сұраныс түсіп, оның 17 042-сі аудан және қала әкімдіктерінің ұсыныстары қалыптастырылды.


Түркістан облысының колледждеріне 15600 мемлекеттік грант бөлінді

Түркістан облысының колледждеріне жаңа оқу жылына 15600 мемлекеттік грант бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамыту, білім сапасын арттыруды тапсырған болатын. Бұл ретте Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қадағалауымен қажет мамандарды даярлау, оларды жұмыспен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.

2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кадрларды даярлау бойынша 15 600 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бүгінгі күнге 24 549 орынға сұраныс түсіп, оның 17 042-сі аудан және қала әкімдіктерінің ұсыныстары қалыптастырылды.

Құжат қабылдау 25 маусым-29 тамыз аралығында «OQU» ұлттық білім беру платформасы арқылы жүргізілуде, қазіргі таңда 5 500-ден астам талапкер қабылданды.

Мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығының нақты қажеттілігі, инвестициялық жобалар, жұмыс берушілердің сұранысы және колледждердің мүмкіндіктері ескеріле отырып жасақталды. Ауыл шаруашылығы, ветеринария, қайта өңдеу, құрылыс, инженерлік инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, туризм және қызмет көрсету салаларындағы техникалық және жұмысшы мамандықтарға басымдық берілді.

Өткен жылы облыс колледждерін 12 619 түлек аяқтап, олардың 81% жұмыспен қамтылған. Сондықтан жаңа оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы сапалы білім беруге, қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруға және әрбір түлектің мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуына бағытталып жатыр.

Бөлісу