40-қа жуық делегация өкілдері Түркістан облысына арнайы іссапармен келді.
Түркістан облысындағы шағын өндірістік парк құру тәжірибесі басқа облыстарда қолданылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Премьер–министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін еліміздің басқа өңірлерінде қолдану жоспарлануда. Мәселесін пысықтау мақсатында Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және еліміздегі барлық облыстардан жалпы 40-қа жуық делегация өкілдері Түркістан облысына арнайы іссапармен келді.
Іссапармен барысында делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, жаңбырлатып суғару технологияларын шығаратын «BNK Group», жиһаз өнімдерін өндіретін «Aqniet Holding», өндірістік тоңазытқыш шығаратын «UBC Групп» және басқада бірқатар жобалардың жұмыс барысын бақылады. Сонымен қатар Сауран ауданы аумағындағы «Иассы», «Ескі Иқан», «Дәморда» және «Қарашық» шағын өндірістік парктердің құрылысымен танысты.
Делегация өкілдері өңірде құрылып жатқан шағын өндірістік парктер жұмысын оң бағалап, бұл бастаманың шағын және орта бизнестің және өңірдің бизнес климатының дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
Бүгінгі таңда облыстың барлық аудан және қалаларында 214 гектар аумақта 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Алаңдарда 258 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған ғимараттарда орналасатын жобалармен (251 жоба) келісімдер жасалған. Жалпы инвестициялық құны 192 млрд теңге. Нәтижесінде 5 218 жұмыс орны құрылып, болжаммен жылына 96 млрд теңге импротты алмастыру өнімдері өндірілетін болады.


