Түркістан облысында жоғалған 6 турист құтқарылды

0
309

Туристермен байланыс үзілген соң, туыстары құтқарушыларға хабарласқан.


Фото: Hermann Traub

ERNUR.KZ. Түркістан облысында ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта жоғалған 6 туристі құтқарды, деп жазады sputnik.kz.
Шымкент қаласының 6 тұрғыны Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы "Үлкен Тұра" шыңын бағындыруға аттанған.
Алайда, олармен байланыс үзіліп, белгіленген уақытта оралмаған соң, туыстары дабыл қаққан.

"Құтқарушылар "Сырдария–Түркістан" өңірлік табиғи паркінің аумағына аттанып, 5 шақырымға жуық қиын таулы жермен, соның ішінде 1 шақырым — таулы өзеннің бойымен жүріп өтті. Топ түнгі уақытқа қарай таудан табылды", - деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Белгілі болғандай, туристердің бірі аяғын сындырып алған. Қалғандары оны өз күштерімен тасымалдауға әрекет еткен. Алайда іс нәтижесіз болған.
Құтқарушылар жарақат алған әйел адамға көмекке келіп, туристерді құтқарды.