Кәсіби-техникалық білім берудің сапасын арттырып, ауыл шаруашылығы саласына білікті кадрлар дайындауға бағытталған.
Түркістан облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай «Үздік механизатор – 2025» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысындағы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж» базасында «Үздік механизатор – 2025» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жалпы байқау - кәсіби-техникалық білім берудің сапасын арттырып, ауыл шаруашылығы саласына білікті кадрлар дайындауға бағытталған. Сондай-ақ, студенттердің кәсіби шеберлігі мен еңбекке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған.
Байқауға өңірдегі 10-нан астам колледж студенттері қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды. Қатысушылар ауыл шаруашылығы техникаларын жүргізу мен оларға техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жарысты. Нәтижесінде үздіктер жүлделі орындарға ие болып, арнайы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.