Түркістан облысында тұрғынүй өртеніп, 12 адам қаза тапты

0
165

Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған.


Түркістан облысында тұрғынүй өртеніп, 12 адам қаза тапты

фото видеодан алынған

Түркістан облысында тұрғынүй өртеніп, бірнеше адам мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.


“Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды.

Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды.

Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді” - делінген ТЖД хабарламасында.


Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталуда.