Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, келіспеушілік салдарынан ер адам өзінің танысына оқ атқан.
Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Атап өтсек: кез келген қару-жарақ қолданылған қарым-қатынас, соның ішінде жарақатқа әкеп соққан әрекетке қатаң құқықтық баға беріледі. Қарулы зорлық-зомбылықтың бірде-бір фактісі түбегейлі жауапсыз қалмайды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.


