Түркістан, Арыс қалалары және Шардара, Сауран, Отырар аудандарында үздіксіз жүргізілуде.
Түркістан облысында шіркейлерге қарсы кешенді дәрілеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі шіркейге қарсы дезинсекция шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта кешенді жұмыстар өңірдегі Түркістан, Арыс қалалары және Шардара, Сауран, Отырар аудандарында үздіксіз жүргізілуде.
Арнайы мамандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, қауіпсіз әрі тиімді дәрілерді қолданып, су айдындары мен шіркейлер шоғырланған аумақтарды өңдеуде.
Барьерлік химиялық өңдеу 22 сәуірден басталды. Қажетті өңдеу аумақтары 52 елді мекенді қамтитын 15 секторға бөлінген. Бұл жұмыстарға бүрку қондырғылары орнатылған толық жетекті 38 жеңіл автокөлік техникасы, 23 қолдық арқа бүріккіш, 4 термогенератор, дрондар және арнайы мамандар жұмылдырылған. Жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Мамандар дәрілеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.