Бұл жұмыстарға Павлодар облысынан келген мамандар тартылып, тәжірибесімен бөлісуде.
Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында дәрілеу жұмыстарына өзгерістер енгізіліп, дезинсекция жұмыстары күшейтілді. Залалсыздандыру жұмыстары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.
Арнайы техникалардың саны артып, залалсыздандыру жұмыстарына әуе көлігі (дельтаплан) қолданылуда. Бұл жұмыстарға Павлодар облысынан келген мамандар тартылып, тәжірибесімен бөлісуде.
Бүгінде Сырдария өзені және Көксарай су реттегіш аумақтарына биологиялық препараттарды суға жіберу әдісі қолданылуда. Сонымен қатар су қорғау аймақтарындағы ағаштардың бұталарына, елді мекендер мен демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісі қолға алынған. Бүгін 8 тонна биологиялық препараттар өзенге құйылды.
Залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізіліп, елді мекендерде жалғасын табады.