Түркістан облысында газ құбырына соғылған көлік өртеніп кетті

0
72

Автокөлік газ құбырының жерүсті тұсына соғылған.


Түркістан облысында газ құбырына соғылған көлік өртеніп кетті

Түркістан облысында газ құбыры өтетін күзетілетін аймақтағы жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін таңертең «QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Түркістан облысы Төлеби ауданы Абдулабад ауылындағы газ құбыры маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған мамандар автокөліктің газ құбырының жерүстіттұсына соғылғанын анықтады. Құбырдың зақымдануы салдарынан газ алауы тұтанып, көлік құралы өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт тез арада сөндірілген.

«Өртті ауыздықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында апаттық диспетчерлік қызмет мамандары «Зертас» газ тарату қосынынан газды ажырату бойынша жедел жұмыс жүргізді. Тұтынушыларды газбен жабдықтау қалыпты тәртіпте жүзеге асырылып, абоненттерді көгілдір отыннан ажыратуға жол берілмеді. Халықтың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығы біз үшін анық басымдық болып табылады. Жағдай тұрақты бақылауда. Барлық қажетті техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін қажетті нысан толық жарамды күйге келтіріледі», - деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ жергілікті өндірістік филиалы.

Қосымша ақпарат мән-жайдың нақтылануына қарай ұсынылатын болады.

Бөлісу