Түркістан облысында есірткі плантациясы анықталды (видео)

0
115

700 келіге жуық есірткі өсімдігін тәркіледі.


Түркістан облысында есірткі плантациясы анықталды (видео)

Түркістан облысында есірткі плантациясы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістандық полицейлер Созақ ауданының таулы аймағынан 700 келіге жуық есірткі өсімдігін тәркіледі.

- Егістік алқаптарын аралау арқылы 1000-нан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледік. Есірткі егілген егістік Созақ ауданында орналасқан. Алқапта есірткіге күтім жасап 3 күдікті тұрған. Оның екеуі Қызылорда облысының, ал біреуі Шымкент қаласының тұрғыны, - делінген бұл туралы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің мәлімдемесінде.

Күдіктілер ұсталы, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.