Түркістан облысында Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылды

0
130

Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.


Түркістан облысында Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылды

Түркістан облысында Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сайрам ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, халқымыздың жауынгерлік рухы мен батырлық шежіресіне тағзым жасалды. Іс-шара барысында мерекелік әскери шеру ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық азамат қатысты.


Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.


Салтанатты жиынға қатысушылар «Мәңгілік алау» алдында гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етті. Сонымен қатар бірқатар тыл еңбеккеріне мерекелік медальдар табысталды.


Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Сабитов жұртшылықты атаулы мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен шайқасқан батырларымыздың ерлігі – елдігіміздің мәңгілік мұрасы екенін атап өтті.


Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Аудан өнерпаздары соғыс жылдарындағы батырларымыздың ерен еңбектері жайлы сахналалық көріністер қойып, жауынгер рухын жырлаған әндер орындады.

Бөлісу