Түркістан облысына танымал қытайлық блогер Тао Минсю келеді

0
38

«Керуен сарай» туристік кешені кешенін аралап, өңірдің туристік инфрақұрылымымен танысады.


Түркістан облысына танымал қытайлық блогер Тао Минсю келеді

Түркістан облысына танымал қытайлық блогер Тао Минсю келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында Наурыз мерекесіне Instagram әлеуметтік желісінде 2,8 миллионнан астам жазылушысы бар танымал қытайлық блогер Тао Минсю (taotaoaima) келеді.


Алдағы сапар барысында блогер аймақтың тарихи-мәдени мұраларымен және заманауи туристік нысандарымен танысады. Атап айтқанда, ол «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағына барып, қазақ халқының рухани құндылықтарымен танысуы жоспарланған. Сонымен қатар шығыс стилінде салынған заманауи «Керуен сарай» туристік кешені кешенін аралап, өңірдің туристік инфрақұрылымымен танысады.


Бағдарлама аясында блогер көне өркениет орталықтарының бірі саналатын Отырар қалашығы аумағына да барып, тарихи орындарды тамашалайды деп күтілуде.


Тао Минсю сапар барысында өңірдің көрікті орындары, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлері туралы бейне және фото контент дайындап, оны өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялайды. Бұл Түркістан облысының туристік тартымдылығын халықаралық аудиторияға кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Аталған іс-шара өңірдің туристік саласын дамытуға, сондай-ақ шетелдік туристер ағынын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.


Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысымен өңірге саяхаттаған туристер саны 500 мың адамнан асып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 15,9%-ға өскен. Тарихи орындарға 1 012 мың адам саяхаттап, өткен жылдан 13%-ға артқан.

Бөлісу