ТҮРКІСТАН: Медициналық қызмет өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр

0
93

Жағдай Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.


ТҮРКІСТАН: Медициналық қызмет өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр

иллюстрациялық фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының медициналық қызметі өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


18 қарашада Жетісай ауданында орын алған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.


“Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.


Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді”, - делінген хабарламада.


Жағдай Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Бөлісу