Жаңа ұңғыма ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округіндегі Мәшһүр Жүсіп елді мекені тұрғындарының көптен күткен мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округіндегі Мәшһүр Жүсіп елді мекені тұрғындарының көптен күткен мәселесі оң шешімін тапты. Аудан әкімінің тұрғындармен өткізген кездесулері барысында елді мекендегі ауыз су тапшылығы мәселесі көтерілген болатын. Ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген өзекті мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауына алынып, тиісті шаралар жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекен аумағында 705 метр тереңдікте ауыз су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді. Жаңа ұңғыма ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Мәшһүр Жүсіп елді мекеніндегі су қоймасында ұңғыма қазу үшін 2025 жылдың қарашасында мердігер «Altera KZ» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылды.Қазіргі таңда елді мекеніндегі су қоймасының аумағында тереңдігі 705 метр жаңа ұңғыма қазу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Осылайша, ауылдағы 6 көше, 139 үй таза ауыз суға қол жеткізді.
Түркістан облысында ауыл инфрақұрылымын дамыту, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


