Жиын барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси-ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды.
Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал талқыланған жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық етті. Апталық штаб отырысында аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси-ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар сауалдар қойылды.
Штаб отырысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту бағытындағы міндетін атап өтіп, өңірдегі қоғамдық ахуалдың тұрақты бақылауда болуы керектігін айтты. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беру маңызды екенін жеткізді. Бұдан бөлек алдағы референдум бойынша халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Жиын қорытындысында жауаптыларға нақты міндеттер жүктеліп, берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы бақылауда болатыны ескертілді.


