​ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданындағы екі елді мекен табиғи газға қосылды

0
81

Жоба “KazBuildCo” ЖШС тарапынан жүргізілді.


​ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданындағы екі елді мекен табиғи газға қосылды

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы елді мекендерді жаппай көгілдір отынмен қамту жұмыстары тұрақты жүзеге асып жатыр. Осы тұста Бәйдібек ауданындағы Боралдай, Ақбастау ауылдық округтеріне қарасты Қаратас және Тұрақты елді мекендеріне табиғи газ берілді.

Жоба “KazBuildCo” ЖШС тарапынан жүргізілді. Газ құбырының ұзындығы Қаратас елді мекенінде 10,005 шақырымды құраса, Тұрақтыда 15,6 шақырым болды. Нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 43 елді мекені (86%), 48 221 халықтың 45 574-сы (94,5%) табиғи газбен қамтылды.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Оған қоса, ағымдағы жылы Қошқарата, Кеңсай, Шұқыршақ елді мекендеріне газдандыру жұмыстары жүргізілмек.
Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.