«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Саурандағы республикалық жолдарда тазалық жұмыстары жүргізілді

0
225

13 арнайы техника жұмылдырылып, 400-ге жуық адам атсалысты.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Саурандағы республикалық жолдарда тазалық жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданындағы республикалық жолдарда тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Түркістан – Шымкент, Түркістан – Кентау және Түркістан – Қызылорда бағыттарында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.


Аталған бағыттар бойынша жол бойын ретке келтіру мақсатында 13 арнайы техника жұмылдырылып, 400-ге жуық адам атсалысты. Тазалық шарасы аясында жол жиектері қоқыс үйінділерінен тазартылып, бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Көгалдандыру және көркейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Жол бойындағы ағаштартар ретке келтіріліп, тал бұтау және тал әктеу жұмыстары атқарылды. Бұл шаралар жасыл желектердің күтімін жақсартып, олардың ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қураған шөптер шабалды.


Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және өңірдің келбетін жақсартуға бағытталған.


Түркістан облысы аумағында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шаралары үздіксіз жалғасады. Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға шақырамыз.

Бөлісу