Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен келіссөз жүргізді

0
293

Өңір басшысы аймақтың инвестициялық әлеуетімен таныстырды.


Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен келіссөз жүргізді

Нұралхан Көшеров құрылыс саласындағы инвестормен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторды қабылдады. Кездесу барысында әріптестік орнату, Түркістан облысында құрылысқа қатысты ірі кәсіпорын ашу, осы саладағы жаңа технологияларды енгізу мәселесі сөз болды. Өңір басшысы аймақтың инвестициялық әлеуетімен таныстырды.


– Түркістан облысы қарқынды дамушы аймақтар қатарында тұр. Жұмыс күші жеткілікті. Біз өндірісті дамытуға мүдделіміз. Барлық салада жаңа технологияларды енгізу, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салынуда. Өңірде инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалған. Әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.


Қытайлық инвестор тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салудағы заманауи технологияларды енгізуге дайын екенін жеткізіп, өңір делегациясын комбинаттары мен зауыттарын көріп, жұмысымен танысуға шақырды.


Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі одағының төрағасы Аманияз Ержанов іскерлік танытып, келіссөз өткізген өңір басшылығына алғысын білдіріп, облыстағы маңызды жобалардың жүзеге асуына тілектес екенін жеткізді.

Бөлісу