Ерте пісетін бақша өнімдеріндегі нитрат мөлшері

0
116

Егін кәсібімен айналысушылар өнімді ерте әрі көп мөлшерде жинау мақсатында азот қышқылының тұзы – нитраттарды қосады.


Ерте пісетін бақша өнімдеріндегі нитрат мөлшері

ERNUR.KZ. Көктем мезгілі келе базарлар мен дүкен сөрелеріерте пісетін жеміс-жидектер мен бақша өнімдерімен толыға түседі. Тұтынушылардың басым көпшілігі ерте бақша өнімдеріндегі нитрат мөлшерінеаса мән бермейтіні және қаншалықтықауіпті екендігін ескере бермейтіні жасырын емес. Егін кәсібімен айналысушыларөнімді ерте әрікөп мөлшерде жинау мақсатында азот қышқылының тұзы – нитраттарды қосады. Тыңайтқыштыңаз мөлшерібіздің ағзамызғазияны жоқ, дегенмен, егердозасы шектен тыс көпқосылған жағдайда адам денсаулығынаөтеқауіпті.


Ағзаға түскен нитраттар тотығу үдерісінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Бұл әсіресе, балаларға, егде жастағы адамдар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті. Ал, оның шектен тыс мөлшері улануға, кей жағдайда адам өліміне де әкелуі мүмкін. Облыс тұрғындарының назарына халық жиі тұтынатын бірнеше жеміс-жидектердің нитрат мөлшерінің дозасын төменде көрсеттік. Сатып аларда денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін ескеруді сұраймыз.


Құлпынай, алма, алмұрт, мандарин, лимонқұрамындағы нитрат мөлшеріталап бойынша 60 мг/кг аспауы қажет. Қауын - 90 мг/кг, қарбыз- 60 мг/кг, қызанақ-500 мг/кг, қияр-400 мг/кг, банан-200 мг/кг болуы тиіс. Бақшалық өнімдерді сатып алу кезінде сатушыданолардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, құрамындағы нитраттардың деңгейін анықтайтын ілеспе құжаттарын көруді де ұмытпаңыз.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Бөлісу