Банкроттық жайлы не білесіз?

0
127

Барлық рәсім тек борышкердің өтінішімен жүргізіледі, яғни несие беруші немесе өзге кредиторборышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдана алмайды.


Банкроттық жайлы не білесіз?

2022 жылдың 29 желтоқсанында ҚР ПарламентіСенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдады. Тиісінге, Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне еніп, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере бастады. Аталған Заңның 3 түрі бар, атап айтқанда соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері. Барлық рәсім тек борышкердің өтінішімен жүргізіледі, яғни несие беруші немесе өзге кредиторборышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдана алмайды.


Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық тек банктер,микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл рәсімді қолдану үшінмынадай шарттар орын алады: банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 1600 АЕК-тен аспаса; өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқболуы; банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет. Сонымен қатар, Заң жобасымен: 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін; 5 жылдан астам уақыт бойы қарызы өтелмеген азаматтар үшінерекше жағдайлар қарастырылған.


Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйеарқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігінанықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқада органдардың деректерімен автоматты түрдесалыстыру жүргізілетін болады.


Ал, 1600 АЕК-тен асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығы рәсіміне жүгіне алады. Сот банкроттығы – мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып саналады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепілболмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады. Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;Кәсіби бухгалтерлер; Заң консультанттары;Аудиторлар. Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында мүлкі жоқ және әлеуметтік осал топтарға жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.


Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл рәсім азаматтың тұрақты табысы болған жағдайда қарызды төлеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушыменбірлесе әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл рәсімніңартықшылығы – адам «банкрот» деген мәртебе алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды. Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар: 5 жыл бойы несиелер мен кредиттер алу шектеуі; 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы; 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.


Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектер есептен шығарылмайды.


Негізгі заң жобасынан бөлек 5 Кодекс пен 11 Заңға өзгертулерді көздейтін ілеспе Заң жобасы дақаралған. Соған сәйкес, Азаматтық кодекс Қазақстан Республикасының азаматына қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін қолдануды көздейтін нормалармен толықтырылады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде қамтылған ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер тізбесі азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы туралы іспен толықтырылатын болады.«Микроқаржы ұйымдары туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қаржы басқарушысына азаматтардың мүлкі және міндеттемелері туралы мәліметтер алу құқығын беретін толықтырулар енгізіледі. Сондай-ақ, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңына нақтылау сипатындағы бірқатар толықтыру бар.


Сенат депутаттары мақұлдаған үшінші заң жобасы –«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзышылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң. Заң жобасының мақсаты – заң нормаларын бұзғаны үшін тиісті әкімшілік жауапкершілігін белгілеу. Мысалы, азамат кредиторлар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында банкроттық туралы арызбен әдейі өтініш білдірсе, көлемді айыппұл көзделген. Сондай–ақ соттан тыс банкроттық, төлем қабылеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы шеңберінде жалған мәліметтер бергені немесе мүлікті (ол туралы ақпаратты) жасырғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінің тәртібін бұзғаны үшін қаржы басқарушысына жауапкершілік енгізіледі. Жалпы, ұсынылып отырған нормалар осы саладағы заңды қатаң сақтауға бағытталған.


Заңды іске асыру азаматтардың борыштық жүктемесін азайтуға, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету және қаржылық сауаттылықты көтеруге, қарызды өтеуді ынталандыруға алып келеді.


Бүгінгі таңда жұмыс атқарып жатқан банкроттық басқарушылар, аудиторлар, заң кеңесшілері мен кәсіби бухгалтерлер тарапынан қаржылық басқарушылар тізімі қалыптастырылады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің прототипі әзірленіп, тестілеу және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.


Сәкен Саттарқұл,

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы.

Бөлісу