Әз Наурыз Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтілуде

0
54

Ұлттық спорт күні: рух пен дәстүр тоғысқан дода


Әз Наурыз Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтілуде

Биыл Наурызнама тарихи шаһар Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күні – тек мереке емес, бұл ұлт рухын жаңғыртатын, ата дәстүрді дәріптейтін ерекше күн. Биыл бұл айтулы дата тарихи шаһар Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтілуде.

Наурыз қарсаңында заманауи халықаралық атшабар ашылып, ұлттық спорттың 10 түрінен ірі жарыстар ұйымдастырылуда. Бұл – дәстүр мен дамудың үйлескен айқын көрінісі.

Дүбірлі додалар:

Көкпардан Әлем чемпионаты

Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» турнирі

Дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты

Теңге ілуден Азия кубогы

Жамбы атудан республикалық турнир

Аламан бәйге

Асық атудан Әлем кубогы

«Толағай» алыптар сайысы

Қазақ күресінен «Түйе палуандар» турнирі

Бұл жарыстар – тек спорт емес, ол ептілік пен ерліктің, күш пен парасаттың, ұлттық болмыстың айнасы.

Түркістан енді тек рухани астана емес – ұлттық спорттың халықаралық орталығына айналуда.

Мыңнан астам адамның бір мезетте асық ойнап, әлемдік рекорд орнатуы – тарихи сәт.

Ұлттық спорт – өткеннің сарқыншағы емес, болашақтың қуатты ресурсы.

Ендеше, рухты оятқан Ұлттық спорт күні құтты болсын!

Бөлісу