Бұл ӘДЕТТЕРДІҢ қаупі ҚҰМАР ОЙЫНҒА тәуелділікпен тең

0
322


Бұл ӘДЕТТЕРДІҢ қаупі ҚҰМАР ОЙЫНҒА тәуелділікпен тең

Құмар ойындарға тәуелділік – адреналин мен дофаминнің күрт бөлінуіне негізделген психологиялық дерт. Мұндай тәуелділік адамды қаржылық күйреуге ұшыратып, отбасын бұзып, қылмысқа итермелеуі мүмкін. Дегенмен, басқа да кейбір әдеттер зиянсыз боп көрінгенімен, құмарпаздыққа ұқсап не ұласып кетуі ықтимал.


Саудаға тәуелділік

Маркетплейстер мен теледидар арқылы сатылымдар адамдарды шексіз сауда жасауға итермелейді. Жеңілдіктер, бонустар мен ішкі несие беру жүйелері сатып алушыларды қарызға батыруы мүмкін. Бұл әсіресе егде жастағы адамдар мен импульсивті сатып алушылар үшін қауіпті.


Кредиттік карталар мен жазылымдар

Қарызға өмір сүру және пайдаланылмайтын қызметтерге ақы төлеу – қаржылық тәуелділіктің тағы бір көрінісі. Кредиттік карталар арқылы адамдар қарызға батып, жоғары пайыздық төлемдерге тап болады. Сондай-ақ, қолданылмайтын жазылымдарды уақытылы тексермеу ай сайын артық шығын шығаруға әкеледі.


Қымбат заттарды коллекциялау

Антиквариат, өнер туындылары немесе тіпті сирек кездесетін жануарларды жинауға деген әуестік қаржылық қиындықтарға ұшыратуы мүмкін. Мұндай әуестіктің белгілі бір шегі болуы тиіс, әйтпесе ол бақылаусыз ақша жұмсауға әкеледі.


Сапасыз тауар мен қызметтерге үйір болу

Арзанға қарай жүгіру, ақы төлеген тауарды немесе қызметті мұқият тексермеу артық шығындарға себеп болады. Мысалы, сапасыз техника немесе автокөлік сатып алу соңында қымбат жөндеуге алып келеді. Сондықтан кез келген саудада сақтық таныту қажет.

Лудомания – емделетін тәуелділік. Сол сияқты, жоғарыда аталған зиянды қаржылық әдеттерден де арылуға болады. Қаржылық сауаттылықты арттыру және өз мінез-құлқыңызды түсіну арқылы шығындарды бақылауға алуға мүмкіндік бар.