ШЕТЕЛДЕ ОҚУ керек пе?

0
532

Артықшылығы қандай? Кемшілігі қайсы?


ШЕТЕЛДЕ ОҚУ керек пе?

көрнекілік: guppros.ru

Қазіргі таңда көптеген студенттер мен оқушылар өздерінің білімдерін шетелде жалғастыруды армандайды. Шетелде оқу – бұл тек жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде дамудың, халықаралық тәжірибе жинаудың және жақсы жұмысқа қадам басудың маңызды мүмкіндігі. Дегенмен, шетелде оқу әрқашан біз күткендей жеңіл әрі қызықты ма? Бұл шешімнің артында тұрған артықшылықтар мен кемшіліктерді мұқият қарастыру қажет.


ШЕТЕЛДЕ ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • САПАЛЫ БІЛІМ АЛАСЫЗ. Шетелде оқу әлемнің үздік университеттерінде сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл оқу орындары заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып, студенттердің теориялық білімдерін практикамен біріктіруге ерекше мән береді. Сонымен қатар, халықаралық бағдарламалар мен сертификатталған курстар оқытылады.


  • КӨП ТІЛ ҮЙРЕНУ МҮМКІНДІГІ БАР. Шетелде оқу жаңа тілдерді меңгерудің ең оңай жолы. Күнделікті өмірде және оқу процесінде сол елдің тілінде сөйлеу арқылы сіз тілдік дағдыларыңызды тез арада жетілдіре аласыз. Ал көптілді мамандарға сұраныс әрдайым жоғары.


  • ЖАҢА МӘДЕНИЕТПЕН ТАНЫСАСЫЗ. Шетелде оқу басқа елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе сіздің дүниетанымыңызды кеңейтеді, әртүрлі мәдениеттермен жұмыс істеу қабілетіңізді. Әртүрлі мәдени шараларға қатысу арқылы әлеуметтік дағдыларыңызды нығайтып, жаңа достар табуға болады.


  • ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУ МҮМКІНДІГІҢІЗ ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ. Шетелде оқу – өзін-өзі тәрбиелеудің, жауапкершілікке үйренудің тамаша мүмкіндігі. Жаңа ортада өмір сүру, қиындықтарды шешу сіздің тұлғалық дамуыңызға үлкен әсер етеді. Бұл өзін-өзі басқару қабілеттерін күшейтіп, өзіңізге деген сенімділікті арттырады.
  • КӨПТЕГЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ. Шетелде оқу сіздің академиялық және кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді. Түрлі ғылыми жобаларға қатысу, стажировкалардан өту және тәжірибе жинау арқылы өз салаңызда алға жылжу мүмкіндігіңіз артады. Бұл тәжірибе сіздің резюмеңізді байытып, бәсекелестік қабілетіңізді арттырады.


ШЕТЕЛДЕ ОҚУДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ

  • ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР БОЛУЫ МҮМКІН. Шетелде оқу әрі шет мемелекетте өмір сүру қымбатқа түседі. Оқу ақысы, жатақхана, тамақтану және күнделікті шығындар сіздің немесе отбасыңыздың қаржылық жағдайына ауыртпалық тудыруы мүмкін. Себебі кейбір елдерде өмір сүру шығындары өте жоғары болады.


  • АДАПТАЦИЯДА ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАЙДЫ. Жаңа елге, жаңа мәдениетке бейімделу кейде қиын процесс болады. Мәдени шок, жалғыздық сезімі және жаңа ортаға үйрену сізді стрексске әкелуі мүмкін. Бейімделу ұзақ уақыты талап етеді.
  • ТІЛДІК КЕДЕРГІЛЕР ӘСЕР ЕТЕДІ. Жаңа тілді жетік меңгермеген кезде сабақтарды түсіну қиынға соғады. Бұл сіздің білім сапаңызға әсер етіп, оқу үлгеріміңіздің төмендеуіне себеп болады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде де тілдік қиындықтар туындауы мүмкін, мысалы, дүкенде сатып алу немесе көлік құралдарын пайдалану кезінде.


  • ДИПЛОМЫҢЫЗДЫҢ МОЙЫНДАЛМАУЫ. Кейде шетелде алынған диплом өз еліңізде немесе басқа елдерде толық мойындалмауы мүмкін. Бұл болашақта жұмыс табуда қиындықтарға әкеледі, сондықтан оқу орнын таңдағанда дипломның халықаралық дәрежесін ескеру қажет. Кейбір мамандықтарда дипломдардың сәйкес келмеуі кәсіби лицензия алу кезінде кедергілер тудыруы мүмкін.


Шетелде оқу – үлкен мүмкіндіктер мен қиындықтардың үйлесімі. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері әр студенттің жеке жағдайына байланысты өзгереді. Егер сіз қиындықтардан қашпайтын болсаңыз,шетелде оқу сіздің болашақ өміріңізге үлкен әсерін тигізеді. Шетелде алған білім мен тәжірибені ел игілігі үшін қолдану ең маңыздысы. Сонымен қатар, шетелде оқу барысында кездескен қиындықтар сіздің шыдамдылығыңыз бен төзімділігіңізді арттырып, өмірдің әртүрлі жағдайларына дайын болуға көмектеседі. Шетелде оқу шешімі әр студент үшін жеке болып табылады. Ол өз арманын жүзеге асыруға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл жолда кездесетін қиындықтарды да ескеріп, оларды жеңу үшін дайын болу қажет. Шетелде алған білім мен тәжірибе арқылы әрбір студент өз болашағын жарқын етуге үлес қосады.


Материалды дайындаған: Кәрімхан Ж.