​World Boxing: Азия чемпионатында екі боксшы финалға шықты

0
101

Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 келі) Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен шеберлік байқасты.


​World Boxing: Азия чемпионатында екі боксшы финалға шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

ERNUR.KZ. World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында бүгін бір боксшы ғана финалға шықты, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 келі) Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен шеберлік байқасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Сондай-ақ Аяжан Ермек (57 келі) вьетнамдық Тхи Тхом Вуды жеңіп, финалға өтті.
Ал Айым Таңқыбаева (51 келі) қытайлық Шу Лю, Жанель Имантаева (54 келі) қытайлық Сируи Ян, Алина Құдайгенова (60 келі) өзбекстандық Севара Маматова, Сабина Жақсылық (80 келі) үндістандық Парчи Токасқа жол берсе, Ақбота Есімбекова (65 келі) жапониялық Аринда Акимотодан жеңіліп қалды.
Енді ел құрамасынан ұлдар арасында Әдиілет Тортубек (60 келі), Бейбарыс Әшәрбай (70 келі), Нұрсұлтан Шілдебай (75 келі), Тимур Тайбеков (80 келі), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі), Расул Асанханов (90 келі) шаршы алаңға шыңад.
Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.