Бауыржан Тахауов жаттықтыратын қазақстандық параволейболшылар кезекті ойында жарыс фавориті – АҚШ құрамасымен алаңға шықты.
Фото: Қазақстан пара волейбол федерациясы
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасы жеңіліссіз келеді, деп жазады inform.kz.
Бауыржан Тахауов жаттықтыратын қазақстандық параволейболшылар кезекті ойында жарыс фавориті – АҚШ құрамасымен алаңға шықты.
Аса тартысты өткен матчта бастапқы екі партияда қазақстандықтар 27:25, 25:21 есебімен басымдық танытты. Алайда бұдан кейін алаң иелері есепті теңестірді – 25:22, 25:17. Шешуші, бесінші сетте Қазақстан құрамасы жеңісті жұлып алды – 15:12. Қорытынды есеп – 3:2.
Осылайша, қазақстандықтар топтық кезеңде қатарынан бесінші матчта қарсыластарын қапы қалдырды.
Б.Тахауовтың шәкірттері енді Таиланд құрамасымен шеберлік таластырады.