Қазақстанда жарты миллионнан астам адам қант диабеті диагнозымен есепте тұр

0
64


Қазақстанда жарты миллионнан астам адам қант диабеті диагнозымен есепте тұр

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
ERNUR.KZ. Қазақстанда 575 499 адам қант диабеті диагнозымен есепте тұр, деп жазады kaz.inform.kz

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың 30 987-сі 1-типті, ал 544 512-сі 2-типті қант диабетімен ауырады. Науқастардың 94,6 пайызына 2-типті диабет диагнозы қойылған.

“ Биылғы тоғыз айда скринингтік тексерулер барысында 33 192 пациент анықталып, оның 30 652-сі немесе 92,3 пайызы динамикалық бақылауға алынды. Ал 2025 жылы 22 690 пациент анықталып, олардың 19 895-і дәрігер бақылауына алынған еді “, - делінген хабарламада.

Министрлік дерегіне сәйкес, 2026 жылдың тоғыз айында қант диабетін анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен қамту көрсеткіші 84,2 пайызға жеткен. 2025 жылы бұл көрсеткіш 79,4 пайызды құраған.