28 жастағы волейболшы "Астана" құрамасының ойыншысы атанды.
Сурет: Instagram/altynbekova_20
ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мансабын ел құрамасының сапында жалғастырмақ, деп жазады zakon.kz.
28 жастағы волейболшы "Астана" құрамасының ойыншысы атанды. Бұл туралы 1 қыркүйекте желіде спортшы мен волейбол клубы жариялаған жазбадан белгілі болды.
Айта кетейік, Алтынбекова 2015 жылы Қазақстан жастар құрамасының Тайбэйдегі Азия чемпионатындағы ойындарында көпшілікке тек ойынымен ғана емес, сырт келбетімен де танымал болды. Ол, елімізде "Алматы" волейбол құрамасында өнер көрсетті, одан кейінгі мансабын Жапония, БАӘ және Индонезияда жалғастырды. "Әл-Васл" клубының құрамында спортшы Араб лигасының чемпионы атанды.