Жарыс басталғаннан кейін көп ұзамай аренада жарық өшіп қалған.
Сурет: Instagram/milanocortina2026
ERNUR.KZ. Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында аралас жұптар арасындағы керлинг жарыстары Кортина-д’Ампеццо аренасындағы жарықтың сөніп қалуына байланысты уақытша тоқтатылған, деп жазады zakon.kz.
РБК мәліметінше, жарыс басталғаннан кейін көп ұзамай аренада жарық өшіп қалған.
Осы себепті Швеция – Оңтүстік Корея, Ұлыбритания – Норвегия, Канада – Чехия және Эстония – Швейцария арасындағы матчтар тоқтатылды. Үзіліс шамамен бес минутқа созылған.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді.


