Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін

0
139

Тиісті заңға ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған.


Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін

Фото: 24.kz

ERNUR.KZ. Өзбекстан 14 жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жазалау шараларын қатаңдатуды қолға алды, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, бұдан былай Өзбекстанда 14 жасқа толмаған баланы зорлағаны үшін қылмыскер 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына түрмеге қамалуы ықтимал.

– Балаға зиян келтіріп, жанына жара салған әрбір адам жазасын алады. Бұл талап білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне де, зорлық-зомбылық жасаған туған-туыстарына да бірдей қолданылады. Баланың өліміне әкеп соққан қандай да бір қылмыс үшін жазаны жеңілдетуге жол берілмейді, – деп жазды Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиеева.

Ол мұндай қылмыстар үшін жауапқа тартуға ешқандай мерзімдік шектеу қойылмайтынын да растады. Осыған дейін 14 жасқа толмаған баланы зорлағандарға 15 жылдан 20 жылға дейін түрме жазасы тағайындалатын еді.