Хоккейден ел командасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

0
412

Қазақстан құрамасы 3305 ұпаймен 15-орында тұр.


Хоккейден ел командасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

ERNUR.KZ. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF)2024 жылғы әлем чемпионатынан соң командалар рейтингін жаңартты, деп жазады baq.kz.

Қазақстан құрамасы 3305 ұпаймен 15-орында тұр. Бұл сында қазақстандықтар екі ойында жеңіске жетіп, қалған матчтарда қарсыластарға есе жіберген болатын.

Рейтинг көшбасында Канада құрамасы тұр. Екінші орында Ресей, үшінші орында Финляндия орналасқан.

Алғашқы бестікке Чехия мен Швейцария командалары да енді.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.