Ел спортшылары барлығы 38 жүлде жеңіп алып, оның 10-ы алтын медаль болды.
Фото: olympic.kz
ERNUR.KZ. Астанада өткен Kazakhstan Open-2025 (G1) халықаралық рейтингтік турнирінің алғашқы күні Қазақстанның ересектер құрамасы айқын басымдық танытты, деп жазады stan.kz.
Ел спортшылары барлығы 38 жүлде жеңіп алып, оның 10-ы алтын медаль болды.
Алтыннан алқа таққандар қатарында Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Нұрбек Ғазез (68 кг), Бекқасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Бейбарыс Қаблан (+87 кг), Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (53 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг) және Назым Махмудова (73 кг) бар.
Сонымен қатар, 12 спортшы күміс жүлдегер атанса, 16 таэквондошы қола медальға ие болды. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр және алдағы күндері кадеттер мен жасөспірімдер сынға түседі.