Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті
ERNUR.KZ. Қазақстандық таеквондошы Темірлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп жазады ulysmedia.kz.
Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.
Темірлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде Тілеулес 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.


