Қазақстандық спортшылар Универсиадада 37-орынды иеленді

0
142

​Жалғыз алтынды таеквондодан Самирхон Абабакиров жеңіп алды.


Қазақстандық спортшылар Универсиадада 37-орынды иеленді

Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы суденттік додада біздің спортшылар 1 алтын, 10 қола медальға қол жеткізіп, 37-орынға жайғасты», - деп жазылған хабарламада.

Жалғыз алтынды таеквондодан Самирхон Абабакиров жеңіп алды.

Байрақты бәсекеде қола жүлдеге ие болған қазақстандық спортшылар:

  • Қазақстан ерлер құрамасы (таеквондо),
  • Қазақстан әйелдер құрамасы (таеквондо),
  • Тамирлан Тілеулес (таеквондо),
  • Дамир Шуленов (таеквондо),
  • Батырхан Төлеуғали (таеквондо),
  • Нодира Ахмедова (таеквондо),
  • Бейбарыс Қаблан (таеквондо),
  • Нұрқанат Серікбаев (дзюдо),
  • Аман Бақытжан (дзюдо),
  • Айбота Ертайқызы (көркем гимнастика).

ХХХІІІ жазғы универсиада Оңтүстік Кореяда өтеді

Германияда өткен спорттық шара салтанатты түрде өз мәресіне жетті. Жарыс қожайыны ресми түрде Оңтүстік Корея өкілдеріне Универсиада жалауын табыстады.