Қазақстандық балуан әлем чемпионатындағы "алтын" жеңісі үшін пәтер алды

0
42

Алматыда Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі чемпионаты басталды.


Қазақстандық балуан әлем чемпионатындағы

Сурет: ҚР күрес федерациясының баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем және Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановқа Астанада екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп жазады zakon.kz.

Алматыда Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі чемпионаты басталды.

Бірінші жарыс күні үздік спортшыларды марапаттау рәсімі өткізілді, деп жазады sportarena.kz.

Шара барысында 70 кг салмақ дәрежесінде 2024 жылғы еркін күрес әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа Астанадағы екі бөлмелі пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали федерациядан 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.