Шайбалы хоккейден еліміздің құрамасы әзірге өз тобында төртінші орынға жайғасты.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы кезекті кездесуін Германияға қарсы өткізді. Бұл матч біздің жігіттер үшін жақсы басталғанымен, нәтижесінде қарсыластың толық басымдығымен аяқталды.
Ойынның небәрі төртінші минутында шабуылшы Никита Михайлис Шестаковтың пасынан кейін шайбаны қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты – 1:0, Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. 13-минутта немістер таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде Германия алға шығып, ал шешуші үшінші кезеңде тағы екі шайба соғып, басымдығын нығайта түсті.
Матчтың есебі:
Германия – Қазақстан 4:1 (1:1, 1:0, 2:0)
Шайбалар:
0:1 – 03:05 – Михайлис (Шестаков)
1:1 – 13:09 – Кастнер (Эль, Зайдер)
2:1 – 34:53 – Стаховяк (Кахун, Щютц)
3:1 – 41:49 – Райхель (Тиффельс, Кальбле)
4:1 – 45:33 – Кальбле (Эль, Кастнер)
Матчта Германия қақпасын Грубауэр, Қазақстан қақпасын Павленко қорғады.
Олег Болякин баптайтын ұлттық құраманың келесі кездесуі 13 мамырда өтеді. Қарсылас – Венгрия. Кездесу Астана уақытымен сағат 23:20-да басталады.