Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатын сәтті бастады

0
310

Осылайша Қазақстан құраамсы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.


Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатын сәтті бастады

Фото: Қазақстан хоккей құрамасы


ERNUR.KZ. Шайбалы хоккейден Швеция мен Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының элитиалық дивизионын Қазақстан құрамасы сенсациямен бастады, деп жазады BAQ.KZ.

Ұлттық құрама алғашқы ойынын Еуропадағы азулы құрама Норвегиямен өткізді.

Бірінші кезеңде есепті Норвегия құрамасы ашты, ал екінші кезеңде Роман Старченко есепті теңестірді. Үшінші кезеңде Владимир Волков әлем чемпионатындағы алғашқы шайбасын соқты.

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, 30 соққыны қайтарған қақпашы Максим Павленко матчтың үздік ойыншысы болды.

Осылайша Қазақстан құраамсы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.