​Қазақ күресінен әлем чемпионатында әскери қызметшілері 4 алтын медаль жеңіп алды

0
124

Qazaqstan жеңілатлетикалық кешенінде өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасында төрт салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.


​Қазақ күресінен әлем чемпионатында әскери қызметшілері 4 алтын медаль жеңіп алды
Фото: Қорғаныс министрлігі
ERNUR.KZ. Ерлер мен әйелдер арасында төрт салмақ дәрежесінде қазақ күресінен CISM І-ші әлем жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады inform.kz.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, CISM президенті, Бразилия армиясының полковнигі Ролим Фило Нилтон Гомес, CISM штаб-пәтерінің ресми өкілі, ирандық полковник Реза Бакари және самбодан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері Диханбай Биткөзов қатысты.

Qazaqstan жеңілатлетикалық кешенінде өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасында төрт салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Ерлер арасында қазақ балуандары Бекжан Төлепов (55 келі), Сағындық Әшім (66 келі), ресейлік балуандар Глеб Голов (82 келі) және Владимир Досяк (100 келі) чемпион атанды.
Тартысты күрестің күміс жүлделерін Кимал Оболбеков (Қырғызстан, 55 келі), Артем Штурбабин (Өзбекстан, 66 келі), Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Қазақстан, 82 келі) және Жахонгир Маматрахимов (Өзбекстан, 100 келі) олжалады.
Қола медаль 55 келі салмақ дәрежесінде балуандар Хуршидбек Чориев (Өзбекстан) пен Рияхи Аболфазылға (Иран), 66 келі салмақта Полади Хасан (Қытай) мен Саиним Талафқа (Иран), 82 келі салмақта Ахмадзаде Мерсад пен Вячеслав Пламадеалуға (Молдова), 100 келі салмақта Айбек Ізтілеуов (Қазақстан) пен Резе Азизиге (Иран) бұйырды.
Әйелдер арасында алтын медалді қазақстандық Айжан Жылқыбаева (48 келі) мен Рауза Нұрмахамметова (56 келі), Дарья Кузмичева (Ресей, 65 келі) және Шахноза Бозорова (Өзбекстан, 77 келі) еншіледі.
Күміс жүлдені Өзбекстаннан келген спортшылар Мұхаббат Якубова (48 келі), Нозигүл Холмирзаева (56 келі), қазақстандықтар Зарина Сарипова (65 келі) және Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) алды.
Тұғырдың үшінші сатысына 48 келі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Алиман Абдрашитова мен рейсейлік Марта Тимошенко, 56 келі салмақта қырғыз балуаны Сабина Жаанбекова мен тағы бір ресейлік Анна Харитонова, 65 келі салмақта өзбекстандық Маликахон Кахарова мен қырғызстандық Жанар Жолдошева, ал 77 келіде ресейлік Ирина Громова мен Қырғызстан елінің енді бір өкілі Саниет Талаибекова көтерілді.
Жекпе-жек бүгін де жалғасады. Боз кілемде қалған салмақтағы ерлер (60 келі, 74 келі, 90 келі және 100 келіден жоғары), әйелдер (52 келі, 60 келі, 70 келі және 77 келіден жоғары) шығады.
Естеріңізге сала кетсек, жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ден аса спортшы қатысып жатыр.