16-30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтуде.
фото: inbusiness.kz.
ERNUR.KZ. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату жарысында алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол 250,1 ұпай жинап, қытайлық Лу Динкэ (249,8) мен оңтүстіккореялық Пак Хаджунды (228,7) артта қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 елден келген 800-ден астам спортшы қатысуда.
Жасөспірімдер, жастар және ересектер Shymkent Shooting Plaza кешенінде тапанша, винтовка, жылжымалы нысана және стенд ату бойынша жекелей және командалық жарыстарда бақ сынауда. Барлығы 700-ден астам медаль сарапқа салынып жатыр.