Германия 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды

0
120

1/8 финалда Парагвай құрамасы Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі


Германия 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды

фото: REUTERS DAVID BUTLER II

ERNUR.KZ. Парагвай құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия құрамасын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп жазады sputnik.kz.

Дүйсенбі күні Бостонда өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Парагвай құрамасынан Хулио Энсисо 42-минутта гол соқса, Германия сапында Кай Хаверц 54-минутта есепті теңестірді.
Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан, командалар қосымша екі тайм өткізді. 102-минутта Германия қорғаушысы Джонатан Та гол соқты. Алайда VAR жүйесінің көмегімен ереже бұзылғаны анықталып, гол есепке алынбады.
Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда Парагвай құрамасы жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Парагвай президенті Сантьяго Пенья Германияны жеңіп, тарихи жетістікке жеткен ұлттық құраманың құрметіне 30 маусымды ел бойынша демалыс күні деп жариялады.
Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде футболшыларға алғыс білдіріп: "Сіздер миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктірдіңіздер", – деп жазды.