Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Ресейге аттанды

0
119

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Нұралы Әліп пен Бахтиёр Зайнутдиновпен кездесу үшін Ресейге жол тартты.


Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Ресейге аттанды

Фото: kff.kz

ERNUR.KZ. Әли Әлиев Ресей Премьер-лигасындағы үздік ойыншылар қатысатын матчтарды жеке көріп, олардың ағымдағы жағдайын бағалауды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Ол Мәскеуде өтетін бесінші турдың орталық ойындары "Спартак" – "Зенит" және "Динамо" – "ЦСКА" матчтарына қатыспақ.

Бапкердің сапарының басты мақсаты Нұралы Әліп пен Бахтиёр Зайнутдиновтің тың қазіргі формасын бағалау және олармен жеке әңгімелер жүргізу.

Сонымен қатар, Әли Әлиев "Зенит" пен "Динамо” клубтарының бас бапкерлері Сергей Семак және Валерий Карпинмен де пікір алмасуды көздеп отыр.

Шілде айында "Динамоға" ауысқан Бахтиёр Зайнутдинов мәскеулік клуб сапында 3 матчқа қатысып үлгерді. Ұлттық команда бапкерлері оның қыркүйектегі ойындарға шақырылатынын айтуда.

Нұралы Әліп жаңа РПЛ маусымының басында тек 1 ойынға қатысты. Бірақ Ресей кубогында тұрақты түрде ойнауда және "Зенит” капитаны ретінде де алаңға шыққан.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 4 қыркүйек күні Астана Аренада Уэльспен кездеседі.