Франция Швецияны тас-талқан етіп, ӘЧ 1/8 финалына шықты

0
79

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Франция құрамасы тоғыз ұпай жинап, I тобында бірінші орынға ие болды.


Франция Швецияны тас-талқан етіп, ӘЧ 1/8 финалына шықты

Фото: instagram.com/equipedefrance

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Франция және Швеция құрамалары кездесті, деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі Championat басылымына сілтеме жасап.

Ойын "Метлайф" стадионында (Ист-Ратерфорд, АҚШ) өтті. Бас төреші қызметін Данни Маккели (Дордрехт, Нидерланды) атқарды.

Еске сала кетейік, топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Франция құрамасы тоғыз ұпай жинап, I тобында бірінші орынға ие болды. Швеция ұлттық командасы төрт ұпай еншілеп, F тобында үшінші сатыға жайғасты.

Алғашқы голды 45-минутта Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе соқты. 74-минутта ол дубль жасады.

53-минутта француз шабуылшысы Брэдли Баркола көзге түсті.

Матчтың қорытынды есебі - 3:0.

Бірнеше сағат бұрын Норвегия құрамасы 4:1 есебімен әлем чемпионатының 1/16 финалдық матчында Кот-д’Ивуар командасын жеңді. 1/8 финалда норвегиялықтар турнирдің осы кезеңінде жапондықтарды ұтқан бразилиялықтармен кездеседі.