FIFA Аргентина құрамасына қатысты іс қозғады

0
96

Оған Әлем чемпионатының финалындағы жаппай төбелес себеп.


FIFA Аргентина құрамасына қатысты іс қозғады

Фото: Reuters

ERNUR.KZ. 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездесіп, матчтан кейінгі жаппай төбелеске байланысты ФИФА Аргентина құрамасына қатысты іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz.

BBC мәліметінше, әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңгеннен кейін, MetLife стадионының алаңында қос команданың ойыншылары жаппай төбелесті. Оқиғаға байланысты FIFA арнайы прокурор тағайындады. Енді ойыншылар мен жаттықтырушыларды ұзақ мерзімді дисквалификация, ал Аргентина футбол федерациясын қомақты айыппұл күтіп тұр.

Жанжал Испания құрамасының ауыстырылған жартылай қорғаушысы Родри жеңісті тойлауға жүгірген сәтте, аргентиналық Науэль Молина оның қолынан ұрған. Ауызша кикілжің көп ұзамай жаппай төбелеске ұласқан.

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредес Испания қорғаушысы Эрик Гарсияның тамағынан ұрып, кейін жас ойыншы Гавиді итеріп жіберген. Ал Тьяго Альмада Гавиді қатты қағып, көгалға құлатқан.

Сондай-ақ Аргентина құрамасы бапкерінің көмекшісі Роберто Айяла қарсылас ойыншылардың жағасынан ұстап, куәгерлердің айтуынша, Дани Ольмоға да соққы жасаған.

Төбелеске қатысқандарға қатысты шешім алдағы айда қабылданады.