Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" екінші кезеңіне шықты

0
525

Бүгін "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да ойнайды.


Елена Рыбакина

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы "Ролан Гаррос" турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп жазады zakon.kz.

Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында әлемнің 85-ракеткасы, бельгиялық теннисші Грит Минненді 6:2, 6:3 есебімен ұтты. Қазақстандық спортшы үшін бұл - биыл топырақ төсенішінде өткізген 9-жеңісі. Ол дәл осы төсеніште 10 матч өткізді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы матч кезінде бес эйс пен төрт қос қателік жасады. Ол 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина енді French Open екінші айналымында германиялық Анжелик Кербермен немесе Нидерланд спортшысы Аранта Рустың арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, бүгін "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да ойнайды. Ол америкалық теннисші, US Open 2027 чемпионы Слоан Стивенспен кездеседі.